Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қайрат Боранбаев бауырының ұсталғаны хабарланды

16:36, 20 маусым 2025 96

Қаржылық мониторинг агенттігі Қайрат Боранбаевтың бауыры, кәсіпкер Мұрат Боранбаев ұсталғанын мәлімдеді, деп  хабарлайды ALASH.KZ.

Tengrinews.kz Құқықтық статистика органдарының порталынан 2022 жылы жарияланған Мұрат Боранбаевты іздеу туралы ақпарат жоғалып кеткеніне назар аударған. Агенттік басылым сауалына жауап беріп, кәсіпкер Қайрат Боранбаевтың бауыры ұсталғанын хабарлады.

"Қаржылық мониторингі агенттігі М.С. Боранбаевты іздеу ұсталуына байланысты 2024 жылғы 24 желтоқсанда тоқтатылғанын хабарлайды", - деп жазылған мемлекеттік органның жауабында.

Еске салайық, 2022 жылы кәсіпкер Мұрат Боранбаевқа іздеу жарияланғаныхабарланды. Мұрат Боранбаев Алматыдағы ақылы тұрақтарға қатысты ақша жымқыру ісінде басты күдікті деп танылған болатын. Сол жылы A-Parking жобасына жауапты тұлғаларға қатысты аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен соталды тергеу басталғаны хабарланды.

Былтыр Бас прокуратура мен Қаржылық мониторинг өкілдері Мұрат Боранбаевты іздеу жұмыстары туралы айтты.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар