Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Өлім себебі анықталуда”. Павлодарда із-түссіз жоғалып кеткен 72 жастағы ер адам өлі күйінде табылды

10:15, 22 маусым 2025 363

Павлодарлық 72 жастағы ер адам өлі күйінде табылды, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы. 

Tipavlo паблигінің хабарлауынша, бұған дейін полиция мен VITA ерікті іздеу жасағы 1953 жылы туған Парфенов Иван Александровичтің із-түссіз жоғалғаны туралы хабарлаған болатын. Өкінішке қарай, ер адамның қайтыс болғаны белгілі болды.

Иван Александрович үйінен белгісіз бағытқа қарай арбамен шығып кеткен, содан кейін қайта оралмаған. Жоғалып кеткен алғашқы күндері оны тұрғылықты мекенжайы маңында және дүкенде көргендер болғаны айтылған, алайда кейіннен ол туралы ешқандай мәлімет түспеген.

Ер адам облыстық психоневрологиялық диспансерде есепте тұрған. Туыстары мен еріктілер оны біреулер жұмысқа алып кетті деп болжағанымен, оның денсаулығына байланысты бұған күмәнмен қараған.  

Қайтыс болу жағдайлары анықталып жатыр. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар