Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Ішетін, ұратын, көзге шөп салды. Ажырасшы…”. Мереке Қалбаева ел естімеген шындықты айтты (ВИДЕО)

15:25, 19 тамыз 2025 1304

Әзілкеш, блогер Мереке Қалбаева журналист Аман Тасығанға сұхбат беріп, күйеуі екеуінің қарым-қатынасы жайлы ашып айтты, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

“Осы уақытқа дейін қаншама қызға “Ешқашан ажыраспашы” деп айтатынмын. Ішпей ме, шекпей ме, ұрмай ма? Бітті ажыраспа. Оны адам қылуға болады. Ойынға ставка тікпей ме, құмар ойын ойнамай ма? Болды, ажыраспашы… Біреулер болды… Әйелінің көзіне шөп салды… Біреуі нашақор, біреуі ішетін, біреуі ұратын. Оларға “ажырасшы” дейтінмін. Бірнәрсеге көзім жетті. Ешқашан біреудің өміріне араласуға, біреуге ақыл беруге болмайды екен. Әңгіме қылу - ең үлкен қателік екен ғой. Мысалы, сен біреуге айттың ба? Аузыңнан не шықты, сол нәрсені өмірде өзің басыңнан өткізбей өлмейсің дейді ғой. Осыған дейін сіңліме болсын, басқасына болсын “Құрсыншы, кетсін! Ажырасшы болды. Өліп қалатын болдың ғой” дегенмін. Ал біреулерге “ажыраспашы, керек емес. Ол шешім емес” дейтінмін. Қазір көзім жетті. Біреуге “ажырас” деп айттың ба? Бітті ғой. Біреуге не айтасың, соны өзіңе айтып жатыр екенсің”,- деді блогер.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар