Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Белгісіз екі ер адам өте танымал 2 судьяны атып өлтіріп кетті

19:00, 27 мамыр 2025 3615

Ирандық БАҚ-тың хабарлауынша, Шираз қалалық қылмыстық сотының судьясы Эхсан Багериге белгісіз екі адам шабуыл жасап, оны өлтіріп кеткен. Иран билігі бұл оқиғаны теракт деп бағалады, деп хабарлайды ALASH.KZ.

Бар мәліметке сәйкес, Шираз қаласындағы 102-қылмыстық сот бөлімінің судьясы Эхсан Багери — ұлттық қауіпсіздікке қарсы қылмыстар мен есірткі контрабандасына қатысты істерді қараумен айналысқан.

Ол сейсенбі күні таңертең, үйінен жұмысқа шыққан кезде пышақталып өлтірілген.

Фарс провинциясының бас судьясы Садролла Раджаи-Насаб бұл шабуылды «террорлық акт» деп атап:

«Бүгін таңертең белгісіз екі адам Шираз қалалық 102-қылмыстық сотының төрағасы, судья Эхсан Багериге шабуыл жасап, оны жұмыс орнына бара жатқанда өлтіріп кетті», — деді.

Иран Ислам Республикасының сот жүйесінің басшысы Голам Хоссейн Мохсени Эджеи Фарс провинциясының сот органдарына 38 жастағы судьяның өліміне байланысты арнайы тергеу жүргізуді және кінәлілерді тез арада жауапқа тартуды тапсырды.

Бұған дейін, қаңтар айында Тегеранда Жоғарғы соттың екі судьясы атып өлтірілген болатын. Қылмыскер сот ғимаратына кіріп, оларды оқпен атып өлтіріп, кейін өзін-өзі өлтірген. Бұл оқиға да теракт деп танылып, Иран билігі тергеу бастағанымен, әлі күнге дейін қылмыстың нақты себептері белгісіз.

Қаза тапқан судьялар — 71 жастағы Али Резини мен 68 жастағы Мохаммад Могисех. Екеуі де тыңшылық, терроризм және саяси тұтқындар мен белсенділерге қатысты резонанстық істерді қараған.

Associated Press агенттігінің хабарлауынша, бұл судьялар Иран мен Ирак арасындағы соғыстан кейін, 1988 жылы режимге қарсы шыққан мыңдаған саяси тұтқындардың жаппай өліміне қатысы бар.

 Сол жылы жеделдетілген сот процестері арқылы оларды өлім жазасына кескен.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар