Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Бәрін тоқтаттым": TikTok-та тренд түсіріп, танымал болған мектеп директоры күтпеген мәлімдеме жасады

10:14, 23 шілде 2025 1100

Әлеуметтік желіде өзінің тренд видеоларымен танымал болған мектеп директоры Ақмоншақ Нұртазақызы тосын мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Alash.kz.

Ақмоншақ Нұртазақызы Instagram желісіндегі ресми парақшасында көпшілік күтпеген жазба жариялады.

"Бәрін тоқтаттым. Мектеп. Қызмет. Әлеуметтік желі. Келесі қадам?" – деп жазды ол.

Естеріңізге сала кетейік, Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов тренд қуып, рилс түсіретін мұғалімдерді сын садағына алып, оқушы тәрбиесіне қатысты ұстанымын айтқан еді.

Сондай-ақ әлеуметтік желіде Шынар Құрманғали есімді желі қолданушысы соңғы кезде ел аузында жүрген мектеп директоры Ақмоншақ Нұртаза жайлы өз ойын білдіріп, оның желідегі әсіре белсенділігін сынап тастаған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар