Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Әйелдер де жүр: Астанадағы караоке-бар маңында жаппай төбелес болды (ВИДЕО)

13:13, 23 шілде 2025 281

Елордада караоке-барлардың бірінің маңында бірнеше адамның қатысуымен жаппай төбелес орын алды. Бұл туралы Астана қалалық полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Alash.kz.

Оқиғаға қатысы бар барлық азамат полиция бөліміне жеткізілді. Қазіргі таңда аталған дерек бойынша тексеріс жүргізіліп жатыр.

"Оқиға бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Қатысы бар тұлғалардың әрекетіне құқықтық баға беріледі", – деп нақтылады департамент өкілдері.

Төбелестің себебі мен зардап шеккендер туралы ақпарат әзірге жарияланған жоқ. Тергеу жалғасуда.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар