Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Әр ата-ана осыны ойлауы керек”. Асхат Аймағамбетов маңызды мәлімдеме жасады

20:17, 08 шілде 2025 422

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов  Adal Adam YouTube арнасына сұхбат беріп, бала тәрбиесіне қатысты ұстанымын айтты, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

”Үйде балаларыма телефон бермеймін. Таң атқаннан кешке дейін YouTube, TikTok көріп, кім көрінгеннің не айтқанын қарап отырғаннан балаға даму болмайды. Бала кітап оқуы керек. Балаларым телефон ұстамайды дегенде, тиісті уақыты болады. Ата-ананың бақылауы деген бар. Өзім бақылап, қарап отырамын.  Енді олар телефонсыз XIX ғасырда өмір сүріп жатқан жоқ қой. Ол телефонның не екенін, басқа мәселелерді білуі керек. Бірақ оған нақты шектеулер, нақты ережелер бар. Нені көре алады, нені көре алмайды, контент бойынша шектеулер де, бақылау да бар. Менің ойымша, осы маңызды. Әр ата-ана осыны ойлануы керек.

Бір жерлерге барамыз ғой. Бізде тамақ ішіп отырғанда әр бала қолына телефон ұстап отырады, ол тамақ ішіп жатыр ма, не істеп жатыр, соны түсінбейсің. Ол қаншалықты пайдалы балаға… “Баланы аясаң аяма” дейді ғой. Сондықтан бұл жерде бала ренжігенде, оларға рационалды түрде түсіндіресің ғой. Ал кішкентайым қазір балабақшаға барады. Телефонға үйренбеген. Оған үйреніп, әуестеніп кетпегеннен кейін оны қатты сұрамайды да. Әрине қасында біреулер отырғанда қызығады. Бірақ дегенмен адамның әбден психикасы, өзінің тиісті қабілеттері дамып, орныққанға дейін балаларды әлеуметтік желілерден алысырақ ұстағанымыз дұрыс. Бұл менің ойым емес, зерттеулер бойынша бұл пайдалы”,- деді Асхат Аймағамбетов.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар