Дональд Трамптың кезекті таңғаларлық бұйрығы жарияланды, деп жазады Alash.KZ.
Енді ол экс-президент Джо Байден мен оның көмекшілері басқару кезіндегі заңға қайшы әрекеттер жасады деп тергеу жүргізуді тапсырды.
Бұйрықтың негізі – Байденнің дерті.
Еске салайық, жасы сексенді алқымдаған Ақ үйдің экс-басшысына қуық асты безі қатерлі ісігінің соңғы сатысы диагнозы қойылған.
Демек ол ел басқарып жүргенінде де денсаулығы сыр берген. Осыған қатысты ел аузында алып-қашпа әңгіме көп көрінеді. Солардың бірін Трамп өз парақшасына салыпты.
Аноним автордың жазбасында Джо Байденді клондар ауыстырды делінген. Осылай Байденді өз көмекшілерінің қолындағы бір қуыршақ ретінде көрсетуге тырысты.