Украина мен Ресей арасындағы қақтығыс күн өткен сайын шиеленісе түсуде. Бұл мәселені шешуге әлемдік алпауыттар кіріскен және екі елді өз жақтастары қаруландырып отыр. Бұлтуралы Украина Қорғаныс министрлігінің Бас барлау басқармасының бастығы Кирилл Буданов Bloomberg агенттігіне берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды Alash.kz.
Буданов халықаралық БАҚ-қа айтқан сөзінде Ресейге кімнің жел беріп отырғанын да бүкпесіз айтты:
Солтүстік Корея Ресейді оқ-дәрімен қамтамасыз етуде. Украинада Ресей қолданып жатқан оқ-дәрінің 40 пайызы КХДР-де шыққан.