Алматы көшесінде ер адам жас қызды ортаңғы саусағын көрсеткені соққыға жықты, деп жазады Alash.kz.
Оқиға Сайын көшесінде болған. Instagram желісіндегі @krisp_almaty парақшасында тараған видеодан ер адамның қызға қол көтеріп, шашынан жұлқылап, бірнеше рет соққы жасағаны анық көрінеді.
Куәгерлердің айтуынша, жанжал қыздың ер адамға ортаңғы саусағын көрсетуінен басталған. Осы әрекеттен кейін ашуға булыққан азамат күш қолданған. Қазір оқиғаның мән-жайын құқық қорғау органдары анықтап жатыр.