Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Акиматқа бұл шешім ұнамайтыны анық!: Асхат Аймағамбетов тағы да халыққа ең пайдалы шешім шығарып, сүйіншілетті

13:30, 03 маусым 2025 1229

Депутат Асхат Аймағамбетов, аудандық жерлердегі балабақша мен жекеменшік мектептерде кездесетін олқылықтың алдын алатын шешім шығарғалы жатқанын айтты, деп хабарлайды ALASH.KZ.

Ол бұл туралы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. 

Кеше Мәжілісте жүйелі, бірақ көп жағдайда көзге көріне бермейтін тақырыпты талқыладық – республикалық және жергілікті бюджеттер арасындағы қарым-қатынастың тиімділігі туралы. Алғаш қарағанда техникалық мәселе сияқты көрінуі мүмкін. Бірақ шын мәнінде бұл- нақты ауылда балабақша салына ма, қалада таза ауызсу болады ма, ауданда қауіпсіз жол салына ма, соның бәріне тікелей әсер ететін жүйе. ТОХ (жалпы сипаттағы трансферттер) бастапқыда өңірлердің мүмкіндіктерін теңестіруге арналған құрал ретінде енгізілген еді. Яғни, өңірдің салықтық әлеуетіне қарамастан, әрбір азамат мектепке, балабақшаға, емханаға бірдей қол жеткізуі тиіс болатын. Алайда тәжірибеде бұл қаражаттардың кейде мақсатсыз жұмсалып жатқанын көріп отырмыз.

Өз тәжірибемнен бірнеше нақты мысал:

 • Балабақшалардағы жаңа орындарға бөлінген ТОХ қаражаты акиматтар тарапынан басқа бағыттарға жұмсалып кетеді;

 • Жекеменшік мектептерге мемлекеттік білім беру тапсырысын қаржыландыруға арналған қаражат та діттеген жеріне жетпей жатады. Мұндай жағдай жаңа мектептер құрылысына бөлінген қаржыда да болған;

 • Тіпті мақсатты трансферттердің (МТТ) өзі кейде негізгі емес жобаларға бағытталып кетіп жатады.

Тағы бір маңызды мәселе – жергілікті, ұсақ жобаларды лоббилеу. Акиматтар түрлі жолдармен республикалық бюджеттен қаражат алуға тырысады. Мысалы, кішігірім жөндеу жұмыстарына, алаңдарға, жергілікті нысандар сияқты жобаларға. Бірақ бұл жобалар көбіне өз құзыреттеріне кіреді әрі өңірдің даму стратегиясына сай келмейді. Егер бұл акиматтың өз бюджеті болғанда, осындай жобаларға ақша бөлер ме еді?

Сондықтан Ұлттық экономика министрлігі ұсынып отырған жүйелі өзгерістер бағыты өте маңызды.

Бұдан былай барлық шығыстар өңірдің даму жоспарымен тығыз байланыста болуы керек. Біз көптен күтіп жүрген “Өңірлік стандарттар жүйесі” (ӨСЖ) іске асса дейміз. Бұл құрал еліміздің қай өңірінде мектеп, емхана, жол, ауызсу тапшылығы бар екенін нақты көрсетеді. Қаражат алдымен дәл осындай жерлерге бағытталуы қажет. Министрлік республикалық бюджет ұлттық маңызы бар жобалар мен өмірлік маңызы бар инфрақұрылымға шоғырланады дейді. Ал жергілікті бюджет – жергілікті міндеттерге бағытталуы керек. Жекелеген бағдарламалар кезең-кезеңімен тоқтайды. Оның орнына өңірдің даму жоспарына негізделген бірыңғай тәсіл енгізіледі. Халықаралық тәжірибе бұл бағыттың дұрыстығын растайды. ОЭСР елдерінде орталықтан бөлінетін трансферттер міндетті түрде бекітілген стратегия шеңберінде, тиімділік көрсеткіштерімен бірге беріледі.

Тағы не істеу қажет:

 • Өңірлік даму жоспарынан тыс ірі шығыстарға заңмен тыйым салу;

 • Мақсатты трансферттерді, әсіресе МТТ-ны мақсатсыз пайдалану үшін жауапкершілікті күшейту;

 • Жергілікті бюджеттердің ашықтығы мен жұмсалған қаржының әсерін қамтамасыз ету;

 • Субсидиялар мен бір реттік, имидждік жобаларды қайта қарап, ресурстарды шын мәнінде инфрақұрылым мен даму бағыттарына қайта бөлу.

Мәслихаттар да өз бақылау функцияларын күшейтуі керек. Өкінішке қарай, ревизиялық комиссиялардың жұмысы әлі де толық нәтиже беріп отырған жоқ.

Иә, бұл шешімдердің бәрі оңай емес. Акиматтардың көпшілігіне ұнамайтыны анық. Бірақ тәртіп болуы керек. Ұлттық экономика министрлігінің осындай қиын әрі танымал емес, бірақ қажет шешімдерге баруға батылдығы бары қуантады”,- деді ол өз жазбасында.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар