9 жастағы қызды құтқарамын деп қаза тапқан спортшы Нұрбол Бердіғалиевке қатысты тың дерек шықты. Амал нешік, марқұмның артында алты баласы қалды, деп хабарлайды ALASH.KZ.
Қаза тапқан Нұрбол Бердіғалиев Байғанин балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде еркін күрестен жаттықтырушы болып жұмыс істеген.
Облыс әкімдігі мәліметінше, ол 2017 жылы Жарлы ауылына көшіп келіп, еркін күрестен жаттықтырушы болып жұмысын бастаған. Сол уақыттан бері ол республикалық және облыстық жарыстардың ондаған жүлдегері мен жеңімпазын тәрбиелеген. Оның шамамен 20 шәкірті Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат нормативін орындаған.
"Ақтөбе Таймс" газетінің хабарлауынша, қыз жасырынбақ ойнаймын деп құдыққа құлаған. Көрші тұратын Нұрболат Бердіғалиев оны құтқаруға асыққан.
Ер адамның улы түтіннен қайтыс болғаны болжанды.
Бердіғалиев Байғанин спорт мектебінде жұмыс істеді. 2017 жылдан бастап республикалық және облыстық турнирлердің 40-қа жуық жүлдегерлерін тәрбиеледі. Оның жиырма шәкірті спорт шеберіне болды.