Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Түркияға кеткенім рас: Мұхамеджан Тазабек “Қаңтар оқиғасы мен Қайрат Сатыбалды” туралы бар шындықты айтты

12:10, 23 мамыр 2025 473

Айтыскер,ақын, қоғам қайраткері Мұхамеджан Тазабек Нұрсейіт Жылқышыбайға сұхбат берді, деп хабарлайды ALASH.KZ.

Сұхбат барысында журналист ақыннан “Қаңтар оқиғасы кезінде қайда болдыңыз?, қашып кеткеніңіз рас па?!” Деп сұрақ қойды.

“Қаңтар” оқиғасында ешқайда да қашып кетпедім. Алматыда, үйде болдым. Оқиғадан кейін 20 күннен кейін “Асыл арнада” “Қаңтар” оқиғасына қатысты арнайы хабар бердік. Түркияға Бішкек арқылы кеткенім рас. Өйткені біздің әуежай жабық еді. Түркияға “Қаңтар” оқиғасынан кейін бірнеше күннен кейін өз шаруаларыммен кеттім.

Қайрат Сатыбалдымен хабарласып тұрамыз. Қазір үйінде. Анасы қайтыс болғанда, көңіл айтып, барып қайттым. Қызымның ұзату тойына Сатыбалды қатыспады, той болатынынан хабары болды. Ол кісі көпшілік жиналатын орталарға қазір бармайды”, – деді.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар