Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Суретке түсемін деп аяғы тайған. Алматыда оқушы Проходная өзеніне құлап кетті

15:27, 23 мамыр 2025 186

Алматыдағы Аюсай шатқалында таудағы фотосессия соңы қайғылы оқиғаға ұласа жаздады, деп хабарлайды ALASH.KZ.

inbusiness.kz сайтының жазуынша, 8 оқушы мен сынып жетекшісінен тұратын топ өзен жағасында суретке түсіп жатқанда, бір оқушы қыздың аяғы тайып, Проходная өзеніне құлап кетті.

Оқиға 22 мамыр сағат 15:35 шамасында болған.

"Алматы қалалық Құтқару қызметінің құтқарушылары оны жедел іздестіре бастады. Сағат 15:56-да бөгетке шамамен 500 метр қашықтықта қыз судан шығарылды. Құтқарушылар оқиға орнында алғашқы медициналық көмек көрсетіп, зардап шегушіні жедел жәрдем бригадасына тапсырды", – делінген құтқару қызметінің хабарламасында.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар