Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Сұмдық жағдай: Шипажайда содырлар 40 қа жуық адамға оқ атып, 27-сі қаза тапты

09:23, 23 сәуір 2025 1467

Үндістан бақылауындағы Кашмирдегі шипажайда қаруланған содырлар туристерге оқ жаудырды, деп хабарлайды ALASH.KZ.

Полиция мәліметінше, кемінде төрт қылмыскер адамдарға жақын қашықтықтан оқ атқан.

Соңғы ақпарат бойынша, 27 адам қаза тауып, 12 адам жараланған, олардың көбінің жағдайы ауыр.

Қайтыс болғандардың денелері Пахалгам курорттық қаласынан бес шақырым жерде орналасқан Байсаран жайлауынан табылған.

Бұл аймақ — даулы аумақтардың бірі.

Үндістан билігі бұл оқиғаны лаңкестік шабуыл деп атап, оған үнділік басқаруға қарсы күресіп жүрген содырларды айыптады.

«Бұл шабуыл соңғы жылдары бейбіт тұрғындарға қарсы бағытталған барлық шабуылдардың ішіндегі ең ірісі», — деді өңірдің жоғары лауазымды тұлғасы Омар Абдулла.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар