Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Сүйінші! Асхат Аймағамбетов бар қазаққа жағатын қуанышты жаңалығын бөлісті

11:25, 29 шілде 2025 2100

Қазақстандық оқушылар әлемнің ең беделді биология олимпиадасынан төрт бірдей қола медаль жеңіп алды. Қуанышты жаңалықты Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов  желідегі парақшасында сүйіншіледі, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

”Филиппинде өткен International Biology Olympiad (IBO-2025)- мектеп оқушыларына арналған әлемдік деңгейдегі басты зияткерлік дода. Биыл бұл жарысқа 80 елден 320-дан астам дарынды жас қатысыпты.

Қазақстан құрамасы 100% нәтижеге қол жеткізді! Команданың төрт мүшесі де қола медаль иеленді:

– Ерсултан Қайыркен – Павлодар, “Білім-инновация” лицейінің 10-сыныбы
–  Батыр Ержанұлы – Өскемен, НЗМ, 11-сынып
– Айғаным Балташева – Астана, НЗМ, 12-сынып
– Алихан Ашырханов – Алматы, “Білім-инновация” лицейінің 8-сыныбы!

Команданы жас биолог-ғалымдар- Ләйлә Асқарова мен Ильяс Сакимов дайындады.

2021–2022 жылдары “Дарын” орталығын басқарған Anuar Unaybekovтің ұсынысы негізінде, олимпиаданы елімізде өткізу туралы шешім қабылданған болатын. Осылайша, IBO-2024 халықаралық олимпиадасы былтыр Қазақстанда сәтті өткізілді.

Дарынды оқушыларымызды, олардың ұстаздары мен ата-аналарын шын жүректен құттықтаймын!”,- деп жазды Асхат Аймағамбетов.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар