Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Шымкентте анасын ұрып-cоққан ер адам қамауға алынды

19:12, 31 мамыр 2025 434

Шымкентте мас күйінде анасын ұрып-соққан ер адам 12 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Бұл туралы қалалық қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соттың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Alash.KZ порталы.

Otyrar.kz порталының жазуына қарағанда, оқиға 2025 жылдың мамыр айында болған. Ер адам Көксай-2 шағын ауданындағы үйінде анасы екеуінің арасында жанжал туындап, нәтижесінде ол жәбірленушіге дене жарақатын салған.

Ұрып-соғу әрекеті жәбірленушінің денсаулығына орташа немесе ауыр зиян келтірмеген, – делінген ресми мәлімдемеде.

Сот барысында ер адам өз кінәсін толық мойындап, кешірім сұраған, алайда анасы оны кешірмейтінін білдірген.

Сот шешімі бойынша ол ҚР ҚК-нің “Ұрып-соғу” бабымен 12 тәулікке әкімшілік жазаға тартылды. Үкім заңды күшіне енді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар