Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Қытайда тағы халықаралық вирус” - Қауіпті ауру туралы сұмдық дерек анықталды

20:33, 08 тамыз 2025 496

Қытайда маса арқылы жұғатын қауіпті вирус тарап, жаппай дүрбелең орын алды, деп хабарлайды Alash.kz.

Чикунгунья деп аталатын вирусты Қытайда 10 мыңнан астам адам жұқтырып, қалаларда масаға қарсы залалсыздандыру жұмыстары жүзеге асып жатыр. Аты жаман ауруды Aedes масасы тасымалдайды.

Чикунгуньяның белгілері келесідей:

  • қызу;
  • буын-бұлшық ет ауруы;
  • бөртпе және әлсіздік;
  • асқынуы айлар бойы созылуы ықтимал.

Аспан асты елінде “денсаулық үшін зиянды” деп танылған аталмыш масаның қоныстануы Ресейдің оңтүстік аймақтарында анықталды. Бұл жағдайды ескерген солтүстік көршілер ұзын жеңді киім киіп, тұрғылықты жерлерін жиі желдетіп, арнайы қамжану әрекеттерін жасауда.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар