Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Құлсарыда болған жарылыста ерлі-зайыпты қаза тапты

11:46, 31 мамыр 2025 4668

Құлсарыдағы жанармай бекетінде болған жарылыстан қаза тапқандар – ерлі-зайыпты. Екеуінің де жанармай құю бекетінде жұмыс істегені айтылды, деп хабарлайды  Alash.KZ порталы.

“Жарылыс болған кезде 43 жастағы ер адам цистерна ішінде болған. Оның 40 жастағы әйелі сол кезде жанармай құю бекетінің ғимаратында болған. Екеуі де сол жерде көз жұмды”, – деп мәлімдеді Atyrauoil.news парақшасы.

Қолда бар ақпаратқа сенсек, марқұмдардың аты-жөні: Ибетов Беркін мен Сарбасова Мейрамгүл.

Марқұмдардың артында балаларының қалғаны айтылды. Өрт кешкі сағат 21:47-де сөндірілді. Ал зардап шеккендер саны 14 адамға дейін өсті.

Оқиға орнында төтенше жағдайлар департаменті, полиция және тергеу органдары жұмысты жалғастырып жатыр. Қайғылы оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр. Қазір қылмыстық іс қозғалды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар