Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Қазір тірі болмас па едім?": Тұрсын Алагөзовтың бұрынғы әйелі тосын мәлімдеме жасады

10:44, 05 маусым 2025 1264
Кәсіпкер Тұрсын Алагөзовтің бұрынғы жұбайы Ляйсира Марат мәлімдеме жасап, экс күйеуінің "100 пәтер" тарату акциясына қатысты шындықты жайып салды, деп жазады Alash.KZ сайты Stan.kz порталына сілтеп. 

Бизнес саласының өкілі экс-жұбайының іс-әрекетін қайырымдылық емес, маркетингтік айла деп атады.

“Нағыз қайырымдылық – ешқандай пайда көздемей, шын ниетпен жасалатын көмек. Онда қайырымдылық жасаушы әдетте аты-жөнін көрсетпейді, жарнамаламайды. Ал бұл жолғы 2 миллиард теңге – науқан алдындағы өнімнің танымалдылығын арттыруға арналған маркетинг бюджетінің жартысына тең. Шай сатылуы керек, қоймада қалып қоймауы тиіс. Екінші жағынан, бұл – адамның имиджін көтерудің бір жолы, – дейді Ляйсира Марат.

 

Сондай-ақ, кезінде экс-жұбайы өзін компанияға иелік етуден шеттетуді сұраған көрінеді. Ол үшін Сатыбалды әулетінің көмегіне жүгінген.

“Ол сіңлім екеумізді компаниядан шеттетуге көмек сұраған. Сол кезден бастап бізге қысым күшейіп, қылмыстық істер ашылып, командамыз күйзеліс жағдайында жұмыс істеді. 2021 жылдың ортасына қарай сату көлемі 35 миллиард теңгеден асты. Компания міндеттемелерден құтылды, ал өнім нарықта танымал брендке айналды. Дәл осы кезде, яғни 2021 жылдың жазында мені компаниядан шығарып жіберді. Егер қарсылық білдірсем, бәлкім, қазір тірі де болмас па едім, – деп бөлісті ол.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар