«Апа». Қазақ туған анасын «апа» деп атайтын... Күні кешеге дейін. Қазір жаппай «мама» болды. Қазақтың байырғы және бүгінгі де тілінде «маманың» негізгі мағынасы – емшек. Және жай ғана емшек емес, сүті мөлдектеген, ырысты емшек. «Мен – сәби, мейірімді ана құшағында, – Ақ мамасын сүйемін, құшамын да», – деп жазған Сұлтанмахмұт. Сүтті, берекелі ақ беретін үлкен бие – «мама бие», сиыр – «мама сиыр». Сөйтіп, ел-жұртың орнында тұрғанда, «апа» атауы архаизмге айналды. Бүгінгі баланың анасы – «мама» болып шықты. Ұлттық бейнеден айрылудың әдеткі, ең жеңіл көрінетін бір ғана куәлігі. (Менің өзімнің алты балам туған шешелерін «апа» деп атап келеді, сондай-ақ алыс шет елде дүниеге келген, өсіп, алды бойжетіп, ержетіп, шалғайда күн кешіп жатқан төрт немерем де, аналарын «апа» дейді, бәлкім, бұл келінім қазақтағы ең соңғы «апа» болып шығуы да.) Әкенің «папа» болып кеткенін айтпай-ақ қояйық (біздің әулетте «көке»). Мұның бәрі аз болғандай, «апамен» қоса «әже» атауы да ұмытылды. Бұл, сүйкімсіз, қартамыш көрінген «әже» сөзін мағынасы өзгеріп, қайта туған «апа» алмастырыпты. Бүгінгі қала қазағы, зиялы саналатын қауымның балалары әжелерін «апа» деп атайды. «Папалары» өздерінің туған шешесін «апа» деді ғой, сол ретпен. Күнделікті қолданыста ғана емес, баспасөзге де сыналай еніп кеткенін көрдік: «аталар мен апалар» деп әдемілейді көпшілік жазармандар. Бұл турасында біз, осыдан, шамасы бір мүшел, әлде он бес жыл бұрын «Атасы келінін...» деген мақала шығарыппыз. Одан ештеңе өзгерген жоқ. Өйткені бұл жаңарған «апа» ескілікті «әженің» орнын басқанына, кемі қырық жыл болды. Мәселен, біздің «Болезнь Боткина» деген әңгімемізде «көке» мен «апа» бар еді – «папа» мен «мама» ғой, көпшілік журналда көркемделіп шыққанда, денсаулығы тексерілмек кішкентай қыздың қасында жас жігіт пен кимешекті кемпірдің суреті тұр, яғни «папа» мен «бабушка». Бұл – 1988 жыл еді. Одан бері қаншама заман. Бүгінгі қазақ әйелі егде тартқан, немерелі болған кезінде «әже» атанғысы келмейді, қартайып, кеміп қалатындай. (Әлдекім күмән келтірмес үшін, тағы да өзімді көтеретін, бәлкім, жаңаға жат, кертартпа қылып көрсететін куәлік айтайын – біздің бәйбіше қырық екі жасымда әже болдым деп мақтанып еді, құдайға шүкір, бүгінде қатарынан өсіп, өніп, жетіліп жатқан немерелердің қарасыны, тәуба, тәуба, сол қырық деген қасиетті санның бел ортасынан асты, әзірге санаулы шөберелерді қоспағанда, осылардың бәрі – үлкені де, кішісі де «әжелеп» тұрады.) Сонымен, қазіргі бала халықаралық «мамадан» айырылмайды, бірақ «бабушка» – «апа» емес, «әже» екенін білуге тиіс. Тым құрса біздің жазарман қауым табиғи, әрі ежелгі атауды бұрмаламай, орнымен қолданса дейміз.
"Қазақ туған анасын «апа» деп атайтын". Мұхтар Мағауиннің талап-тілегін ескердік пе?

“Ән арнап, жылағанмын. Әлі ұмытқан жоқпын”. Мақпал Жүнісова алғашқы махаббаты жайлы айтып берді (ВИДЕО)
22:16, 12 тамыз 2025 1150
“Өлім себебі белгілі болды”. ҚазҰУ-дың 14-қабатынан секіріп көз жұмған студент жайлы тың дерек шықты
20:49, 12 тамыз 2025 1301
Министр хиджаб кию мәселесі туралы: “Мектеп формасын сақтамаса, ата-анасы жауапқа тартылады”
19:13, 12 тамыз 2025 1635
“Мектеп сіздікі емес, босатыңыз”: Ақмоншақ Нұртаза ел естімеген шындығын жайып салды
17:52, 12 тамыз 2025 2364
“Қасында болдым”. Мұхамеджан Тазабек Айсұлтан Назарбаев жайлы ел естімеген шындықты айтты (ВИДЕО)
16:34, 12 тамыз 2025 1823
«Тарихи шешім!»: Сүйінші! Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетіне «ұлттық» мәртебесі берілді
13:55, 12 тамыз 2025 422
“Ерекше құрмет”. Тоқаев Бүкіләлемдік таеквондо федерациясының президентін қабылдады
13:28, 12 тамыз 2025 113
“Сөзім жоқ!”. Мадина Сәдуақасова Дженнифер Лопес жайлы ел естімеген шындықты айтты
11:00, 12 тамыз 2025 2358
“Сіздерге де жұғысты болсын“. Сүйінші! Тамара Асар көптен күткен қуанышты жаңалығын бөлісті
09:00, 12 тамыз 2025 5159
“Қолдайтын күйеуің қайда? Көңіліме қатты тиді”. Мереке Қалбаева жолдасы жайлы бар шындықты айтты
21:21, 11 тамыз 2025 1883
Сүйінші: Қазақ қыздары Гүлнәз Бөрібаева мен Бақыт Сейдіш Азия чемпионы атанды
16:14, 11 тамыз 2025 394
“Білгілеріңіз келе ме?”. Тұрсынбек Қабатов алғаш рет жеке өмірі жайлы бар шындықты айтты (ВИДЕО)
15:03, 11 тамыз 2025 2726
“Күндіз-түні ұшты”. Сорбұлақтағы тікұшақ апатынан көз жұмған командирдің анасы ұлы туралы айтты
13:44, 11 тамыз 2025 1953
“Балаларым үшін сынбаймын. Көңілім қалды…”: Мереке Қалбаева жеке өмірі жайлы бар шындықты айтты
12:52, 11 тамыз 2025 3425
“Танысымыз жоқ, қарсы тұра алмаймыз”. Берденовке оқ атқан күдіктінің әкесі шұғыл мәлімдеме жасады
11:54, 11 тамыз 2025 1529
“Жанболат екеуміз алғаш рет…” Жазира Байырбекова ел естімеген жаңалығын бөлісті (ВИДЕО)
10:58, 11 тамыз 2025 1820
Сүйінші: Еліміздің дарынды оқушылары халықаралық робототехника чемпионатында жеті жүлде иеленді
09:50, 11 тамыз 2025 300