Полиция аға лейтенанты Мәди Архамов қайтыс болды. Бұл қаралы хабарды Абай облысы полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Сұлтан Б.Ж. мәлім етті, деп хабарлайды ALASH.KZ.
Қаза тапқан полицейдің туған-туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтты.
Оның жанқиярлық еңбегі, антына адалдығы және жоғары кәсібилігі әріптестерінің және оны жеке танитын барша жандардың жүрегінде мәңгі сақталады. Бұл – ішкі істер органдары жүйесі үшін орны толмас қайғы, біз сіздермен бірге қайғырамыз,- деді ол өз жазбасында.