Батыс Қазақстан облысында қайғылы жағдай орын алды, деп хабарлайды ALASH.KZ.
Облыстың Жымпиты ауылында жекеменшік үйден өрт шығып бес бала қаза тапты.
Stan.kz мәліметінше, өрт кешкі уақытта тұрғын үйлердің бірінде болған.
Құтқарушылар балаларды жанып жатқан үйден шығарып, аудандық ауруханаға жеткізген.
Алайда оларды аман алып қалу мүмкін болмаған.
Балалардың қазасына көмірқышқыл газымен улану себеп болған. Өрт кезінде балалардың анасы үйден аз уақытқа шығып кеткен.