Ақтөбеде тұрғын үйде газ жарылып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды ALASH.KZ.
Бүгін Ақтөбеде бес қабатты тұрғын үйдің 4-қабатында газ жарылып, бір адам қаза тапты.
«Жарылыс салдарынан шамамен 40 шаршы метр аумақта ашық жалын тұтанған. Сондай-ақ 3-4 қабат арасындағы аралық құрылым ішінара құлаған», - делінген Ақтөбе облысы ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.
Өрт толығымен сөндірілді. 73 адам эвакуацияланып, 1 адам құтқарылды.
Алдын ала мәлімет бойынша, 1 адам қаза тапты.