Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Палестинаны мойындаймыз!” - Макрон ешкім күтпеген мәлімдеме жасады

09:25, 25 шілде 2025 294

Франция Президенті Эммануэль Макрон елінің Палестинаны егемен әрі тәуелсіз мемлекет ретінде мойындайтынын жариялады. Бұл қадам Францияның Таяу Шығыстағы бейбітшілік пен тұрақтылықты қолдауға деген ұмтылысын білдіреді, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Макронның айтуынша, Париж бұл шешімді бейбітшілікті қолдайтын халықаралық қауымдастықпен бірлесе отырып қабылдаған. Президент өз сөзінде Францияның Палестина халқына деген тарихи жауапкершілігін де атап өтті.

Ол бұл шешім жайлы ресми мәлімдемені БҰҰ Бас Ассамблеясының мінберінен жариялауға уәде етті. 

2025 жылдың наурыз айындағы мәліметке сәйкес, БҰҰ-ға мүше 193 мемлекеттің 147-сі Палестинаны тәуелсіз мемлекет ретінде мойындаған. Бұл - әлем елдерінің басым көпшілігі Палестина халқының егемендікке деген құқығын қолдайтынын білдіреді.

Макронның мәлімдемесі Израиль-Палестина жанжалын шешудегі жаңа кезеңнің бастамасы болуы мүмкін. Сарапшылар Францияның бұл әрекетін Еуропадағы басқа елдерге де үлгі болады деп санайды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар