Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Әйелге тіл тигізіп, телефонын ұрып түсірген”: Әуежайда жанжал шығарған Жұбаныш Жексенұлына сот шешімі шықты

23:22, 25 шілде 2025 543

Астана қаласының Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында әнші Жұбаныш Жексенұлына қатысты әкімшілік іс қаралып, сот үкімі шықты, деп жазады Alash.kz.

Іс ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы 1-бөлігі қоғамдық орында былапыт сөйлеу және өзгелерге құрметсіздік таныту (ұсақ бұзақылық) бойынша қозғалған.

Оқиға Астана қаласындағы әуежайда болған. Жәбірленуші Зәуреш Садыбекованың айтуынша, ол әншіні танып, “Мынау әнші емес пе?” деген сөзінен кейін Жексенұлы дөрекілік танытып, телефонын қағып түсірген. Оқиға орнына полиция шақырылып, әкімшілік хаттама толтырылған.

Сотта Жұбаныш Жексенұлы өз әрекетіне өкініш білдіріп, кінәсін толық мойындаған және жәбірленушіден кешірім сұраған. Сондай-ақ, сол күні алкоголь ішкенін растады.

Сот шешімімен әнші әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 78 640 теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар