Өзбекстанда дәрігер науқастың сау аяғын қате кесіп тастады. Салдарынан науқас әйел қайтыс болды, деп хабарлайды Alash.kz.
Дәрігер науқастың сол аяғының орнына оң, содан кейін сол аяғын кесіп тастаған.
Науқас екі ауыр операцияның салдарына және сау аяқтан айырылғанына төтеп бере алмай қайтыс болды.
Сот дәрігерді Денсаулық сақтау министрлігінде 3 жыл мерзімге басшылық және дәрігерлік лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 4 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.