Мұғаліміне боқауыз сөз айтқан НЗМ оқушысы туралы Меруерт Түсіпбаева пікір білдірді, деп хабарлайды ALASH.KZ.
Ол оқушыны жақтап, мектепті кінәлады.
«Мен үшін барлық пікір қымбат. Ешкімді ақтағым жоқ. Бәрімііз бала өсіріп отырмыз ғой… Сіз қалай ойлайсыз? Оқу бітіруге бір қадам қалғанда , баланы шығарып жіберу дұрыс па?! Сосын , біздің мемлекетіміз неге жасөспірімдер суйцидынан басты орындарда деп таң-тамаша боламыз иа?? Бұл бала – мектеп өнімі! Не ексең соны орасың емес пе? Бұл баланың , аяғы астаннан салбырап түскен жоқ шығар ? 7 - ші сыныпта , сынақ беріп түскен бала НЗМ-ға бұған осы күнге дейін тәлім - тәрбие берген кімдер? Сол үшін —- үлкендер ойлану керек! Қандай тәрбие берілді? Осы оқиғаның желісі қалай болды? Кінәлі кім? Өмірді жаңа бастап жатқан , бұғанасы бекімеген баланың тағдырын ойлаған кім бар?! Қазір жасөспірім ауруханаға түсіпті … Сонымен кім ұтады?!», - деді әнші.