Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Моральдық шығын да қажет емес": Асхат Садырбай сотта бұрынғы әйелін жеңіп шықты

08:51, 05 маусым 2025 654
 

Белгілі журналист, тележүргізуші Асхат Садырбай бұрынғы әйелін жалған ақпарат таратқаны үшін сотқа беріп, жеңіп шықты. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды деп хабарлайды Alash.KZ.

Медиа маманы бұрынғы әйелін өзіне жала жауып, ел алдында қаралағысы келді деп айып таққан болатын.

«Ақиқат жеңді! Өтіріктің құйрығы бір ақ тұтам. Маған жала жауып, ел алдында қаралағысы келгендердің бүгін туы құлап, позициялары тас-талқан болды. Жалған ақпаратты жалаулатып тапқан нандарың сіңімді болсын! Ал құрбан ролін ойнағандардың маскасы шешілді. Сөз жүзінде емес, іс жүзінде!», – деп жазды ол.

Журналистің сөзінше, сот процесі бірнеше айға созылған. Садырбай өзіне ақпараттық шабуыл жасалды деп есептейді.

«Иә, құрметті оқырман, бүгін менің жеке басыма айтылған жалған ақпараттар, ар-намысым мен іскерлік беделіме нұқсан келтіру бойынша бірнеше айға созылған сот аяқталды. Жауапкер Қорабаева А. менің және менің отбасыма қатысты айтқан ақпараттардың біреуіне де дәлел бере алмады. Тіпті соттың бір сұрағына «өзім ойдан айта салдым» деген сыңайда жауап берді. Біреуге күлкі, біреуге өсек шығар. Бірақ бұл адамның өмірі мен тағдыры. Ақпараттық шабуыл маған және менің отбасыма ауыр тиді. Бұл сот болмас та еді. Алайда өтіріктің үстіне өтірік қосылып үдей берді. Ал, менің мақсатым біреуді соттау емес, өзімнің кінәсіз екенімді амалсыздан заң жүзінде дәлелдеу еді.

Тіпті моральдық шығын да қажет емес, медиациямен шешейік дегенде де жауапкер тарап басында басқаша сөйлеп, кейін қайтадан өз әдеттеріне салып кері кетті. Тіпті сот отырысына камера алып келіп шоу жасағысы келді. 

Қысқасы осымен тамам! Алдағы уақытта соттың ресми шешімін және қосымша ақпараттарды толық жариялаймын! Қолдаған жандарға мың алғыс. Аман болыңыздар!», – деп жазды журналист.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар