Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Мені қудалаудың саяси астары бар: Темірлан Еңсебек ақыры түрмеге тоғытылатын болды

19:30, 27 мамыр 2025 672

Апелляциялық сот Еңсебектің үкімін өзгеріссіз қалдырды, деп хабарлайды ALASH.KZ Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Сот шешімімен бес жылға бостандығы шектелген Qaznews24 сатиралық паблигінің авторы Темірлан Еңсебектің апелляциялық соты өтті.

Істі Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы қарады.

Темірлан Еңсебек өзіне тағылған айыппен де, сот үкімімен де келіспейтінін айтты. Ол «мені қудалаудың саяси астары бар» деді.

Апелляциялық сот алқасы бірінші сатыдағы сот үкімін өзгеріссіз қалдырды. Қорғау тарапының талап-арызын қанағаттандырусыз қалдырды

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар