Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Мен қызды сәл қылқындырдым". Сәтбаевта қызды зорламақ болған күдікті ұсталды

16:24, 23 мамыр 2025 244

Сәтбаев қаласындағы тұрғын үйлердің бірінде белгісіз ер адам әйелге тап беріп, сүйрей жөнелген. Әйел айқайлаған кезде көршілер көмекке шығып, күдікті қашып кеткен деп хабарлайды  ALASH.KZ порталы.

Azattyq Rýhy порталы Ұлытау облысының полиция департаментінің ақпаратына сүйеніп, күдіктінің ұсталғанын хабарлады.

«Әйел адамға шабуыл жасау фактісі бойынша Сәтбаев қаласы полиция бөлімімен қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері жедел іздестіру шаралары барысында, күдіктіні анықтап, ұстады. Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторында отыр. Тергеу жалғасып жатыр», - деп хабарлайды полиция департаменті.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар