Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Көптен күткен мәлімдеме: Полиция департаменті Ақнәрдің өліміне қатысты шұғыл ақпарат таратты

09:23, 23 мамыр 2025 301

Марқұм Ақнәрдің өліміне байланысты Алматы қаласының полиция департаменті алғаш рет ресми мәлімдеме таратты, деп хабарлайды ALASH.KZ Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

 

Ақнар Гүлстанның анасы Қамит Гүлстан тергеудің созылып кеткеніне наразы болып, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа ашық хат жолдағаннан кейін полиция бұл іс бойынша алғаш рет ресми мәлімдеме жасады.

Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, оқиға болғанына 10 ай өтсе де, тергеу жалғасып жатыр.

Тергеушілер куәлардан жауап алып, оқиға орнындағы бейнебақылау жазбаларын қарап, материалдарды жинап, сараптап жатыр.

Істі жүргізу барысы департамент басшылығының ерекше бақылауында. Қайтыс болған бойжеткеннің жақындарының қайғысына ортақпыз. Қажетті тергеу әрекеттері толық аяқталып, барлық сараптама нәтижесі қолымызға тигеннен кейін ғана процессуалдық шешім қабылданады, – делінген Алматы қалалық полициясының ресми түсініктемесінде.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар