Қытайдағы әлеуметтік желіде қазақстандық студент Ақнәр Гүлстанның өлімі мен соты талқыланып жатыр, деп хабарлайды ALASH.KZ Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
Видеода жас жігіт Ақнәрдің құрбыларын айыптай сөйлейді.
– Өте жиіркенішті. Қасындағы құрбысы өлгеннен кейін ешнәрсе болмағандай ішіп-жеп, қыдырып жүр, Ақнәр есімді құрбысы болмағандай, ұмытып кете салды. Түк болмаған сияқты. Осы іске қатысы бола тұрып. Адам қай кезде мұндай әрекетке баратыны миыма сыймай тұр. Қазір өзін өзі өлтірді деп жатыр. Бірақ жәбірленушінің денесіндегі көгерген, тістелген және тырналған іздер, тырнағынының түбінен түскені оның бәрі өзін өлтірмегенін көрсетіп тұр, – дейді студент.
22 жастағы Ақнәр Гүлстанның өліміне қатысты тергеу ісі бойынша он ай бойы ешқандай ақпарат болмаған соң, жағдай күрт өзгерді.
Ақнәрдің туыстары қайғылы оқиға болған түннен түсірілген жантүршігерлік кадрларды жариялап, марқұммен бірге болған құрбыларының бұл іске қатысы болуы мүмкін деп мәлімдеді. Алайда олар бұл іс бойынша тек куәгер ретінде танылған.