Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Жыр болған LRT бітіп, жұмыскерлерді шақыруда

17:18, 27 мамыр 2025 395

Астанада LRT диспетчерлерін жұмысқа қабылдау басталды, деп хабарлайды ALASH.KZ.

Елордада жеңіл рельсті көлікті (LRT) басқару үшін диспетчерлерді алдын ала жұмысқа қабылдау басталды.

Вакансия City Transportation Systems (CTS) компаниясының сайтында жарияланды. Онда LRT пойыздары толықтай автоматтандырылған және жүргізушісіз басқарылатыны көрсетілген.

CTS көлік операторы ресми жұмысқа орналастыруды, оқу курстарын және біліктілікті арттыруды компания есебінен ұсынады.

Дайындық курстары аяқталған соң халықаралық үлгідегі сертификат беріледі.

«Оқу мерзімі — алты айға дейін. Оқу Астана мен Қытайда жұмыс берушінің есебінен өтеді. Жұмысқа тек Қазақстан азаматтары қабылданады. Мақсат — кадрларды LRT жүйесінің диспетчерлік дағдыларына оқыту», — деп хабарлады CTS компаниясы.

Қойылатын талаптардың қатарында — көлік саласындағы жоғары білім және кемінде екі жылдық еңбек өтілі, соның ішінде диспетчер (оператор) ретінде кемінде алты айлық тәжірибе болуы шарт.

Оқу кезінде диспетчерлер жұмыс күндері жұмыс істейді, ал оқу аяқталған соң — кезекшілік негізде жұмыс атқарады.

Бұған дейін біз алғашқы LRT вагондары Қытайдан Астанаға жеткізілгенін хабарлаған едік.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар