Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова бесінші баласына аяғы ауыр екенін хабарлады, деп хабарлайды ALASH.KZ Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.
Бұл туралы актриса желідегі парақшасында жазды.
"2025 жылға менің жоспарым басқа болған....Оның маған деген жоспары одан да ғажап әрі қайырлы", – деп жазды актриса.
Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, өнер иесін құттықтап жатыр.
“Өзім ана болатындай қуанып кеттім”, “Қандай керемет жаңалық! Денсаулығы мықты сәби келсін”, “Қайраттың бөпе керек дегені есімде”, “Сендер үшін тілеген дұғам қабыл болыпты”, “Аман-есен жаның қалып босанып ал”, – деп жазды көпшілік.