Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Жаңа адаммен жаңа үйде жаңа өмір сүрем». Жұлдыз Әбдікәрімова сүйінші жаңалығын бөлісті

13:05, 21 маусым 2025 119

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова баспаналы болғанымен бөлісті, деп хабарлайды ALASH.KZ порталы Skifnews.kz ақпарат порталы.

Актриса баспаналы болғанын қуанышпен жеткізіп, видео жүктеді.

​​​​​​"Жаңа адаммен жаңа үйде жаңа өмір", – делінген видеода.

Сонымен қатар ол бір жыл бойы қиын шақта қолдау білдірген жанкүйерлеріне ризашылығын жеткізді.

"Бір жыл бойы қатты қиналғаныма, ауырғаныма, күрескеніме, кейбір жайттарды үнсіз жұтқаныма, жақынымнан көрген опасыздыққа, басыма келген сынағыма сынып кетпей, ешкімге жалынбай, жылап-сықтамай, ешкім жайында лям-мим демей, күл-талқан боп қирап жатқан жерімнен жинақталып, қайта тұрғаныма, эмоцияға берілмей сабырлық танытқаныма СІЗ – менің ОҚЫРМАНЫМ, ШЫНАЙЫ ӘРі МЕЙІРІМДІ ЖАНАШЫРЫМ куә болдыңыз!

Мені колдаған, дұғада болған әрбір жанға алғыс айтамын!

Тілектеріңіз өздеріңізге, ұрпақтарыңызға еселеніп бұйырсын, –дейді актриса.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар