Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ішінде 2 комада жатқан адам болған: Жедел-жәрдем көлігі сұмдық жол апатына түсті (ВИДЕО)

17:30, 03 маусым 2025 946

Текеліде жантүршігерлік жол апаты орын алды — жедел жәрдем көлігі аударылып қалды, ішінде комадағы науқастар болған, деп хабарлайды ALASH.KZ.

Orda.kz мәліметінше, 2 маусымға қараған түні Текелі қаласында жедел жәрдем көлігі қатысқан ауыр жол апаты орын алды. 

Оқиға кезінде жедел жәрдемнің жарқылдақ шамдары қосулы болған.

Жеңіл көлікпен соқтығысқаннан кейін жедел жәрдем көлігі аударылып кеткен.

Ішінде жүргізуші, фельдшер және 87 жастағы науқас болған. Науқас әйел комада жатқан. Тілшіміздің хабарлауынша, ол көз жұмды.

Куәгерлер мен дәрігерлердің айтуынша, қарт әйелдің өлімі жарақаттан емес, негізгі ауруының асқынуынан болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, дене жарақаттары анықталмаған.

Қазіргі уақытта белгілісі: жедел жәрдем жүргізушісі жеңіл жарақат алған, фельдшер зардап шеккен (жарақат түрі нақтылануда), ал жеңіл көлік жүргізушісі де жеңіл жарақат алған.

Барлығына алғашқы медициналық көмек көрсетілді.

«Қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», — деді Жетісу облыстық полиция департаментіндегілер.

Кімнің кінәлі екені сотқа дейінгі тергеу нәтижесінде белгілі болады.

Бұған дейін біз Астанадағы жол апаты жайлы жазған едік. Онда автобус бағанға соғылған. Апат салдарынан сегіз жасар қыз аяғынан айырылды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар