Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова желіде анасына арнап әсерлі жазба жариялады, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
“Мам, мен қандай жағдайда болсам да әрдайым жанымнан табыласыз, қолдайсыз. Ешқашан дауыс көтеріп, кемшілігімді айтып, қателессем де бетімнен қаққан емессіз. Даналығыңызға тәнтімін. Берген махаббатыңыз бен мейіріміңізге, ақ жүрегіңізге, тәлім-тәрбиеңізге, көркем мінезіңізге, жылы жүзіңізге, дұға-тілегіңізге, өмір сыйлағаныңызға, бар болғаныңызға мың алғыс”,- деп жазды актриса.