Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ер адам әйел жүргізушіні жол үстінде қорқытып, балағаттап, дубинкамен қуған

09:40, 07 маусым 2025 301

Қырғызстанның Бішкек қаласында ашуға булыққан жүргізуші әйелге дүрсе қойған. 3 маусым, сағат 20:45 болған жағдай ел назарын аударды, деп  хабарлайды ALASH.KZ.

Әйел адамның айтуына қарағанда, өзі Ахунбаев көшесінен солтүстік бағытта Баха көшесіне бұрылмақ болған. Бұрылысқа жеткенде алдында тұрған жол талғамайтын көлік қозғалыссыз тұрған. Әйел белгі берген. Алайда жүргізуші жауап ретінде айқайлап, әйелге балағат сөздер айтқан.

Жәбірленушінің айтуынша, біраз уақыттан кейін Баха мен Гагарин көшелерінің қиылысында әлгі ер адам оның көлігін қуып жетіп, алдын кес-кестеп тоқтатқан. Көліктен түсіп, телескопиялық дубинкамен қорқыта бастаған.

— Ұрып жіберуі мүмкін деп қорқып, көліктен түскен жоқпын. Ол мені балағаттап, дубинкамен сес көрсетті, — дейді әйел.

Одан кейін ер адам басқа жүргізушілер мен жәбірленушіге кедергі келтіріп, жол апатына себеп бола жаздап, оқиға орнынан кетіп қалған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар