Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Біз бермесек - мұғалім төлейді: Сыныптың жөндеу жұмысына ата-анадан көп ақша сұраған мектеп басшылығы әшкере болды

19:00, 12 мамыр 2025 255

Alau.kz редакциясына Қостанай қаласындағы №5 «А» мектеп сыныбының ата-аналары жүгінді.

Олардан кабинет жөндеуіне ақша жинау қажет пе деген сұрақ туындаған. Олар WhatsApp-тағы «ата-аналар» чатының скриншотын да қоса жолдаған, деп хабарлайды ALASH.KZ.

Қостанай қалалық білім бөлімінің баспасөз қызметінен түсініктеме берді.

«Қала білім бөлімінің 2021 жылғы 12 тамыздағы №744 бұйрығына сәйкес, ата-аналардан ақша жинауға қатаң түрде тыйым салынған. Қаладағы білім беру ұйымдарындағы барлық ағымдағы және косметикалық жөндеу жұмыстары, соның ішінде №5 «А» мектептегі де, жан басына шаққандағы қаржыландыру есебінен жүргізіледі. Ата-аналардан ақша жиналды деген сигналға байланысты №5 «А» мектеп әкімшілігімен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде ата-аналардан қаражат жинау фактісі расталмады. Егер ата-аналардың бірі осы тыйымды бұзу жағдайларын білсе, білім бөліміне тікелей жүгінуді сұраймыз», – делінген білім бөлімінің жауабында.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар