Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Басынан бірнеше рет тепкен”. Ақтауда 14 жастағы жасөспірімді аяусыз соққыға жығып, ұрып кеткен

12:30, 20 маусым 2025 322

Ақтаулық тұрғын Бақытжан Тажибаева 14 жастағы ұлын «Ақбота» саябағында белгісіз жастар ұрып-соққанын айтты. Енді ол бұл жерді балалар үшін қауіпті деп есептейді, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы

Lada.kz хабарлауынша, Оқиға 12 маусым күні кешкі сағат 18:00 шамасында болған. Анасының айтуынша, ұлы досымен бірге саябақта серуендеп жүрген кезде, бір топ бозбала оларды тоқтатып, «бізге не қарап тұрсыңдар, бұл жерде жүрмеңдер» деп қорқытқан. Артынша ішіндегі бірі баланы жерге құлатып, екіншісі оның басынан бірнеше рет тепкен.

⠀— Түнге қарай баламның жағдайы күрт нашарлады, жедел жәрдем шақыруға тура келді. Камера жазбасын сұрағанымда, саябақ әкімшілігі бейнебақылау істемейді деді. Қаланың қақ ортасында, акиматқа жақын жерде балаларға шабуыл жасалып жатса, қайда баруымыз керек? — деп ашынды анасы.

Жасөспірім 13 маусым түнінде ауруханаға жеткізілген. Ол бас ауруы, белінің ауыруы, әлсіздік, жүрек айну, тәбет жоғалту және есінен тану белгілерімен түскен. Дәрігерлер оған «ми шайқалу» диагнозын қойып, үш күн ауруханада бақылауда ұстаған. Қазіргі уақытта баланың жағдайы жақсарған.⠀

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, бұл оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 108-1-бабы (Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру) бойынша тергеу басталған. 2006 және 2007 жылы туған екі күдікті ұсталып, кінәсін мойындаған.⠀

Зардап шеккен баланың анасы қаладағы қоғамдық орындарда қауіпсіздік қамтамасыз етілмегеніне алаңдаулы. Оның айтуынша, мұндай жағдайлар балалардың еркін әрі қауіпсіз серуендеуіне кедергі келтіреді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар