Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Автобус аударырылып, 20-дан астам адам қаза тапты

18:15, 13 мамыр 2025 1930

Шри-Ланканың Орталық провинциясында орын алған жол апатында 37 адам жарақат алды, деп хабарлайды ALASH.KZ El.kz ақпарат агенттігіне сілтеп.

Оқиға Аладения ауылында болған. Полиция мәліметінше, зардап шеккендердің қатарында 15 жасқа дейінгі тоғыз бала бар. Барлық жарақат алғандар жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілді.

Алдын ала тергеу нәтижелері бойынша, апатқа автобустың тежегіш жүйесіндегі ақау себеп болуы мүмкін.

Айта кету керек, Шри-Ланкада жол-көлік оқиғалары жиі орын алады. Бұған дейін, жексенбі күні Орталық провинцияның Котмале ауданында автобус жардан құлап, 20-дан астам адам қаза тауып, ондаған адам түрлі жарақат алған болатын.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар