Өткенде Астанада бір апта болып келдім. Қала әдемі болғанымен ана тіліміз есігінен кіре алмай далада қалған екен. Қайда барсам да естіген сөзім “здрасте”, оны айтып өзінше сәлем салып тұрғандар да өзім сияқты қазақтың қара ұл-қыздары… Мен 20 жылдан бері мұнай-газ саласында, ал соңғы бес жылдан астамында шетелде жұмыстамын. Айтпағым, осы аралықта қаншама ұлтпен бірге жұмыс жасадым, БІРДЕ-БІРІ ӨЗАРА ӨЗГЕ ТІЛДЕ СӨЙЛЕСПЕЙДІ!Тек қана бізде солай. Кез келген мекемеге кірсең өзге тілде шүлдірлегендер. Бәлкім өздерінше білімді, заманауи болып көрінгілері келетін шығар. Құдды бір қазақша сөйлесе олай көрінбей қалатындай, ол жерге сай болмай қалатындай. Беттеріне қарап тұрып қарағым олай болса менің екі дипломым және MBA дәрежем бар, үш шет тілін білем, миллиардтан астам халқы бар Қытайдың ең үлкен ұлттық мұнай корпорациясында жұмыс жасаймын, және сенің қазақ бола тұра қазақша сөйлемеуің маған нағыз надандықтың белгісі болып көрінеді деп айтқым келеді. Уақытым болса кейде айтып та кетемін. Түсінген түсінеді, түсінбегендер какая разница деп қуады. Ресейге көшіп кетіңдершиш онда какая разница болса.Сөздің шыны керек, егер орысша сөйлейтін болсам солардың көбін он орап алатындай деңгейім бар, бірақ болмайды, қазақ қазақпен қазақша сөйлесуі керек, басқа жол жоқ. Әй, Астана-бас қала. Не болды соншама өз тіліңді менсінбейтіндей?.. - деді ол.
"Астаналықтардың қазақ бола тұра қазақша сөйлемеуі - нағыз надандықтың белгісі". Инженер Арман Рахмет

“Ән арнап, жылағанмын. Әлі ұмытқан жоқпын”. Мақпал Жүнісова алғашқы махаббаты жайлы айтып берді (ВИДЕО)
22:16, 12 тамыз 2025 1450
“Өлім себебі белгілі болды”. ҚазҰУ-дың 14-қабатынан секіріп көз жұмған студент жайлы тың дерек шықты
20:49, 12 тамыз 2025 1578
Министр хиджаб кию мәселесі туралы: “Мектеп формасын сақтамаса, ата-анасы жауапқа тартылады”
19:13, 12 тамыз 2025 1677
“Мектеп сіздікі емес, босатыңыз”: Ақмоншақ Нұртаза ел естімеген шындығын жайып салды
17:52, 12 тамыз 2025 2999
“Қасында болдым”. Мұхамеджан Тазабек Айсұлтан Назарбаев жайлы ел естімеген шындықты айтты (ВИДЕО)
16:34, 12 тамыз 2025 1923
«Тарихи шешім!»: Сүйінші! Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетіне «ұлттық» мәртебесі берілді
13:55, 12 тамыз 2025 427
“Ерекше құрмет”. Тоқаев Бүкіләлемдік таеквондо федерациясының президентін қабылдады
13:28, 12 тамыз 2025 113
“Сөзім жоқ!”. Мадина Сәдуақасова Дженнифер Лопес жайлы ел естімеген шындықты айтты
11:00, 12 тамыз 2025 2384
“Сіздерге де жұғысты болсын“. Сүйінші! Тамара Асар көптен күткен қуанышты жаңалығын бөлісті
09:00, 12 тамыз 2025 5372
“Қолдайтын күйеуің қайда? Көңіліме қатты тиді”. Мереке Қалбаева жолдасы жайлы бар шындықты айтты
21:21, 11 тамыз 2025 1906
Сүйінші: Қазақ қыздары Гүлнәз Бөрібаева мен Бақыт Сейдіш Азия чемпионы атанды
16:14, 11 тамыз 2025 398
“Білгілеріңіз келе ме?”. Тұрсынбек Қабатов алғаш рет жеке өмірі жайлы бар шындықты айтты (ВИДЕО)
15:03, 11 тамыз 2025 2751
“Күндіз-түні ұшты”. Сорбұлақтағы тікұшақ апатынан көз жұмған командирдің анасы ұлы туралы айтты
13:44, 11 тамыз 2025 1982
“Балаларым үшін сынбаймын. Көңілім қалды…”: Мереке Қалбаева жеке өмірі жайлы бар шындықты айтты
12:52, 11 тамыз 2025 3504
“Танысымыз жоқ, қарсы тұра алмаймыз”. Берденовке оқ атқан күдіктінің әкесі шұғыл мәлімдеме жасады
11:54, 11 тамыз 2025 1542
“Жанболат екеуміз алғаш рет…” Жазира Байырбекова ел естімеген жаңалығын бөлісті (ВИДЕО)
10:58, 11 тамыз 2025 1829
Сүйінші: Еліміздің дарынды оқушылары халықаралық робототехника чемпионатында жеті жүлде иеленді
09:50, 11 тамыз 2025 302