Астанадағы тұрғын үйлердің біріүің үшінші қабатынла ілініп тұрған ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды ALASH.KZ.
Қаза тапқан адамның жеке басы полиция тарапынан анықталды, қылмыстық іс қозғалды.
«Кен Дала» тұрғын үй кешенінің қасбетінде ілініп тұрған ер адамды 15:00 шамасында байқалған. Полиция өкілдері бұл факті бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.
— 102 арнасына асылып тұрған ер адам туралы хабарлама келіп түсті. Полиция қызметкерлері оның жеке басын анықтады. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу жүріп жатыр, оқиғаның мән-жайы анықталуда, — деді Астана қалалық Полиция департаменті.