Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Анасындай адам: Ақтауда ер адам дүкеншіні жұдырықпен ұрып жіберді (ВИДЕО)

16:50, 13 мамыр 2025 284

13 мамыр күні әлеуметтік желілерде Ақтаудың 27-шағынауданындағы «Abdi» дүкеніне жақын маңда орналасқан азық-түлік дүкенінің бейнебақылау камерасынан алынған жазба тарады, деп хабарлайды ALASH.KZ Lada.kz жергілікті ақпарат порталына сілтеп.

Бейнежазбада ер адам  кассирге шабуыл жасап, оң жақ құлақ тұсынан жұдырықпен ұрғаны анық көрінеді.

Шабуылдан кейін ол бірден оқиға орнынан қашып кеткен.

Бұл жағдай әлеуметтік желі қолданушылары арасында үлкен резонанс тудырды. Пікірлерде шабуыл жасаған адамды тауып, жауапқа тарту талаптары айтылуда.

«Бұл жол беруге болмайтын әрекет! Осы агрессорды тауып, жазалаңыздар!» – деп жазды ашулы қала тұрғындары.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар