Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Әйел тұрақты жұмыс таба алмаған күйеуін кінәлап, 36 рет пышақ тығып өлтіріп тастады

09:27, 16 мамыр 2025 932

Ярославль облысында әйел күйеуін 36 рет пышақтап өлтірді, деп хабарлайды ALASH.KZ.

Telegram-дағы SHOT арнасының жазуынша, ерлі-зайыптылар небәрі екі жыл бұрын ғана үйленген.

Отбасылық қайғылы жағдай Мышкин ауданында болған. 35 жастағы әйел соңғы уақытта тұрақты жұмыс таба алмай жүрген 30 жастағы күйеуімен жиі ұрысатын болған.

Қанды оқиға болған күні олардың үйінен күні бойы айқай естіліп тұрған. Көршілер полицияға хабарласып, үйде ер адамның шу шығарып жатқанын айтқан.

Келіспеушілік кезінде әйелі пышақ алып, күйеуінің денесінің әртүрлі жеріне 36 рет соққы жасаған. Жедел жәрдем келгенде, ер адам қансырап, көз жұмғаны белгілі болған.

Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар