Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"2 миллион теңге бопсалаған". Атырауда блогер әйел мен оның сыбайласы ұсталды

20:01, 07 маусым 2025 92

Атырау қаласында 33 және 39 жастағы екі адам кәсіпкерден ақша бопсалағаны үшін ұсталды, деп хабарлайды ALASH.KZ. 

Күдіктілердің бірі әйел-блогер болып шықты. Тергеу мәліметіне сәйкес, олар жергілікті кәсіпкерден бір ұйымның қызметіне қатысты компроматтық бейнематериалды таратпау үшін 2 миллион теңге талап еткен.

Кәсіпкерден бүкіл соманы алғаннан кейін, олар ғайып болуға тырысқан, бірақ көп ұзамай тұрғын үй ауласында ұсталды. Жеке тінту кезінде олардың қолынан толық көлемде ақша табылды. Сонымен қатар, полицияның мәлімдеуінше, күдіктілердің бірі қамауға алу кезінде полиция қызметкеріне күш қолданған,-деп хабарлайды Ақжайық. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар