Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

17-мамыр Тоқаевтың туған күні: Президент табиғатына талдау мен болмысына психологиялық сараптама

10:49, 16 мамыр 2025 273

17 мамыр – Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың туған күні. 

Қасым-Жомарт Тоқаевтың парасатты болмысы, ұстамдылығы, ел басына күн туғанда, нақты шешім қабылдай алуы - қазақ халқы үшін үлкен сый.

Тоқаев келбетінің психологиясы

Роберт Чалдинидің “Психология влияния” еңбегіндегі Қасым-Жомарт Тоқаевтың болмысына сай келетін нақты ғылыми тұжырымдар бар.
Америкалық ғалым Роберт Чалдини өзінің “Психология влияния” атты кітабында адамдардың сеніміне кіру мен оларды әрекетке итермелеудің 6 негізгі қағидатын атап өтеді. 

Осы қағидаттар Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси стилімен тығыз үндеседі:

1. Өзара міндеттеме қағидаты (Принцип взаимности)

Адамдарға шынайы көмек көрсеткен адам – сенімге ие болады. Тоқаев бұл қағидатты өзінің “халықпен диалог” саясаты арқылы дәлелдеді.
Ол халықтың ұсынысына құлақ асып, нақты нәтиже көрсеткен сайын, халық тарапынан сенім мен қолдау артты.
Аймақтардағы түрлі ереуілдер кезінде Президент жұмысшылармен ашық кездесіп, талаптарын тыңдап, нақты шешім қабылдады. Бұл – сенімді арттырып, әлеуметтік толқуларды бейбіт жолмен шешудің көрінісі.

2. Авторитет (Билік пен білімге негізделген ықпал)

Чалдини атап өткендей, адамдар кәсіби білім мен беделге ие тұлғаларға еріксіз бағынады.
Тоқаев – бірнеше шет тілін меңгерген, БҰҰ деңгейінде жұмыс істеген кәсіби дипломат.
Оның сұрақты салмақты саралауы мен терең саяси білімі – ел ішіндегі беделінің негізі.

Әлемдік трибуналарда қазақ тілінде сөйлегені – оның өзіне де, мемлекетке де деген сенімді арттырды.

3. Дәйектілік қағидаты (Принцип последовательности)

Ұстанымы бар адам – сенімді саясаткер. Тоқаевтың жолдауларындағы идеялар жыл сайын бір жүйеде дамып келеді: әділетті қоғам, халықтың әл-ауқаты, халық пен билік арасындағы ашық қарым-қатынас.

4. Әлеуметтік дәлел (Принцип социального доказательства)

Көпшілік қабылдаған шешімнің зияны аз болады. Тоқаев ел ішінде қоғамдық кеңестер, сарапшылар клубы, азаматтық ұйымдарды тарта отырып, өз саясатын жалғыз өзі емес, қоғаммен бірге жүргізіп келеді.

5. Ұқсастық қағидаты (Принцип симпатии)

Жанашыр, әділетті әрі қарапайым басшы – халыққа жақын. Тоқаевтың стилі – пафоссыз, артық насихатсыз, нақты әрекетке бағытталған. Бұл оның тұлғалық харизмасын арттыра түсті.

Тоқаевтың табиғатына талдау 

Маңызды іс-шаралар мен халыққа жолдауында киген киім үлгісіне психологиялық және нумерологиялық сараптама

Психологиялық көзқарас:

Тоқаев жиі киетін қара-көк немесе қара сұр түсті костюмдер мен үйлесімді галстук –сабырлылықтың, ішкі тәртіптің белгісі.

 Жиі тағатын галстук түстерінің әрқайсысы оның ішкі болмысына байланысты:

• Көк галстук – сенімділік, әділет, ақыл-парасат;
• Қызғылт және қызыл – батылдық, реформаға белсенділік, шешімталдық.

Глиннис МакКантс және оның «Сандар сыр шертеді» жүйесі

АҚШ-тың нумерология саласындағы танымал зерттеушісі Глиннис МакКантс “Glynis Has Your Number” атты кітабында әрбір адамның туған күні негізінде тұлғалық сипатын, мінез-құлқын, шешім қабылдау стилін, көшбасшылық ерекшелігін ашып көрсететін 6 негізгі ядролық сан жүйесін ұсынады:

1. Life Path Number – Өмір жолы саны
2. Expression Number – Өзін-өзі көрсету
3. Soul Urge Number – Ішкі тілек
4. Birthday Number – Туған күн саны
5. Personality Number – Сыртқы болмыс
6. Maturity Number – Ересектік, даналық кезең

Тоқаевтың нумерологиялық коды және талдауы (Glynis жүйесімен)

Туған күні: 17.05.1953 → 4
4 саны – “Жүйелік ойлаушы”, “Тәртіп пен тұрақтылықтың иесі”

Glynis McCants-тың кітабында не делінген?

“4 санына ие адамдар – әділетті, ұқыпты, тәртіп пен құрылымға сүйенетін, сенімді әрі адал көшбасшылар. Олар әрдайым ‘алдымен жоспар, сосын әрекет’ принципін ұстанады. Шешім қабылдағанда эмоция емес, факті мен логикаға сүйенеді. Бұл адамдар көп жағдайда басқаларға жайлы өмір сүру үшін қауіпсіздік жүйелерін құрады.”

Тоқаевтың болмысымен үндестігі:

• Тоқаевтың реформалары бірізді, заңмен нақтыланған. Әр жолдауында тапсырмалар нақты мерзіммен және жауапты құрылыммен көрсетіледі. Бұл – 4 санына тән құрылымдаушылық қасиет.
• Конституциялық реформасы мен “Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет” моделінің авторы ретінде, ол қоғамды тұрақты жүйемен басқаруға ден қойды.
• БҰҰ-дағы дипломатиялық карьерасы мен халықаралық келіссөздердегі дәлдігі – “жүйелілік пен сенімділікке” құрылған болмысының көрінісі.

17 → 1 + 7 = 8

8 саны – “Билік, жауапкершілік, стратегия” саны

Glynis McCants бұл туралы:

“8 саны – үлкен масштабта ойлауға қабілетті, басқарушылық қабілеті зор, материалдық және рухани тепе-теңдікті ұстанатын тұлғалардың саны. Олар үшін билік – жауапкершілікпен тікелей байланысты.”

Тоқаевтың болмысымен үндестігі:

• Президент бола отырып, мемлекеттік байлықты әділ бөлуді көздеді: Ұлттық қордан балаларға арналған төлем – 8 санына тән жауапты билік ұстанымының көрінісі.
• Ірі реформалар мен батыл шешімдер – мысалы, президенттік мерзімді 7 жылдан 1 ретпен шектеу – бұл жоғары этика мен басшылық рөлдің салмағын терең сезінудің дәлелі.

 Soul Urge Number (жан қалауы)

Оны анықтау үшін аты-жөні қажет. Бірақ Glynis кітабында “4 өмір жолы + 8 туған күн” комбинациясы бар адамдар туралы былай дейді:

“Бұл адамдар сырт көзге сабырлы, ұстамды көрінгенімен, ішкі жан дүниесінде қоғам үшін пайдалы іс қалдыруды армандайды. Олар жеке мансаптан бұрын – ел алдындағы борышын жоғары қояды.”

Тоқаевтың өмірлік таңдауы дәл осыған саяды:

• Әлемдік деңгейдегі дипломат болып жүріп, зейнетке шығу жасына жетсе де, елдің шақыруын қабыл алып, жауапкершілік жүгін көтерді.
• Бұл – жан қалауы мен өмір жолының үндестігі.

Еліне әділет пен ақиқатты ту еткен Президентімізге зор денсаулық, ел амандығы жолындағы ұлы мақсатына табандылық тілейміз! 

Реформа қабылдаудағы әр қадамы берекелі, халық үмітін ақтайтындай болсын!

ALASH.KZ ұлттық порталының тілшісі,

Інжу Өмірзақ

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар