TikTok-тағы тренд видеолары арқылы танымалдылыққа ие болған Астанадағы мектеп директоры Ақмоншақ Нұртазақызы көпшілікті таңғалдырған мәлімдеме жасады, - деп жазады Alash.KZ. Бұл туралы ол өзінің Instagram-дағы парақшасында жариялады.
Желіде креатив директор атанған Ақмоншақ Нұртаза бұған дейін Астана қаласындағы №58 мектеп-гимназиясының директоры болған.
Оның айтуынша, ол барлығынан бас тартқан.
"Бәрін тоқтаттым. Мектеп. Қызмет. Әлеуметтік желі. Келесі қадам?" – деп жазды Ақмоншақ Нұртазақызы.
Айта кетейік, желіде креатив директор атанған Ақмоншақ Нұртаза бұған дейін Астана қаласындағы №58 мектеп-гимназиясының директоры болған. Ол – білім беру мен заманауи технологияны үйлестіріп, оқушылармен ортақ тіл табысудың жаңа үлгісін көрсетіп жүрген жаңашыл басшы. Instagram-да 100 мыңнан, TikTok-та 33 мыңнан астам оқырманы бар ол оқушыларымен бірге трендтік видеолар түсіріп, мұғалімдердің жиналыстарын семинарға айналдырып, дәстүрлі мектеп стереотиптерін бұзып жүрген. Финляндияда тағылымдамадан өтіп, бүгінде PhD докторантурада білімін жетілдіріп жатқан Ақмоншақтың басты ұстанымы – еркіндік пен сенім арқылы оқушының ынтасын ояту.
Желідегі оқырмандар жаңашыл директорға қысым көрсетілген болуы мүмкін деп жазпы жатыр.