Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов өзінің отбасын көпшілік алдында көп көрсете бермейтінін айтты, деп жазады Alash.kz.
YouTube желісіндегі Alageuim арнасына берген сұқбатында Асхат Аймағамбетов өзінің балаларының суретін әлеуметтік желіге мүлдем салмайтынын ашық айтты.
"Мен отбасымды көп көрсете бермеймін. Өзімнің жақындарымның, балаларымның суреттерін Instagram-ға, басқа да әлеуметтік желілерге салмаймын. Қазіргі уақытта ақпараттық қауіпсіздік ушығып тұрған заманда ондай дүниеге аса сақ болу керек", – деді Асхат Аймағамбетов.